Павлодар облысында өрт сөндіру бекеттері тағы да көбейе түседі

Өңірде 77 ауылдық бөлімше жұмыс істейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жақын арада өрт сөндіру бекеттерін Павлодар облысында екі мыңнан астам адам тұратын Розовка, Ефремовка және Луганск қалаларында ашу жоспарлануда. Бұл туралы облыстық ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Шаймарденов мәлім етті.
– Посттар негізгі талаптарға сай болуы керек: өрт сөндіру көлігіне арналған жылытылатын қорап, төрт адамнан тұратын тәулік бойы кезекші ауысым және тиісті техникалық құралдар, – деді ол.
Айта кетейік, биылғы жылы Шарбақты ауданы Хмельницк ауылында өрт сөндіру бекеті, Ақтоғай ауданы Жоламан ауылында жоспардан тыс бір бекет ашылды. Өрт сөндіру бекеті «Ақтоғай Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында. Жергілікті кәсіпкердің қолдауымен құрылған бекет Жоламан ауылымен қатар жақын маңдағы елді мекендерге де қызмет көрсетеді.