Павлодар облысында осы аптада ауа райы қандай болады?
Аптаның алғашқы күндері жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 9 шілдеде түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, түнде кейде қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде тұман түседі. Сынап бағанасы +12...+17°С, ал күндіз +21...+26°С көрсетеді.
10 шілдеде облыстың шығысында жаңбыр жауы, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде +11...+16°С, ал күндіз +23...+28°С ыстық болады.
11 шілдеде жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады. Сынап бағанасы түнде +11...+16°С, күндіз +25...+30°С көрсетеді.
12 шілде күні облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +14...+19°С, күндіз +25...+30°С ыстық болады.
Сенбі күні жауын-шашыншыз, ашық болады. Сынап бағанасы түнде +15...+20°С, күндіз +27...+32°С көрсетеді.
Жексенбіде облыстың батысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде +17...+22°С, күндіз +27...+32°С ыстық болады.