Павлодарда жұмысшы мамандық иелері жастармен пікір алмасты

Павлодарда жұмысшы мамандық иелері жастармен пікір алмасты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жұмысшы мамандықтар жылына орай кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Жастар рухы» ЖҚ белсенділері «AMANAT» партиясының облыстық және қалалық мәслихат депутаттарымен бірлесіп, «Жұмысшы жылына» арналған кездесу ұйымдастырды.

Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағаны белгілі. Осыған орай, бұл кездесу ТОО «ҚТЖ-Жүк тасымалы» – «Павлодар филиалы ГП» алаңында өтті.

Кездесуді «BIR TOLQYNDA» ашық диалог алаңында «АМАNАТ» партиясының облыстық депутаттары Асылбек Туғанбай, Николай Дычко, қалалық маслихат депутаттары және партия қалалық филиалының атқарушы хатшысы Сүлеймен Сыздықов жүргізді.  Жұмысшы мамандық иелері және жастар арасында еркін пікір алмасу болды.

– Жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын насихаттау, жастарды еңбек нарығындағы мүмкіндіктермен таныстыру және әлеуметтік-экономикалық қолдау тетіктерін талқылау кездесудің басты мақсаты болды, – деді ұйымдастырушылар.

Бұл кездесу жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттырып, жастардың назарын еңбек саласына аудару үшін маңызды қадам болды.