Екібастұз ЖЭО шаңның қайдан пайда болғанын түсіндірді
Станцияда шығатын түтін газдары үнемі бақыланады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қоғаммен байланыс бөлімінің мәліметінше, Екібастұз ЖЭО қаланың оңтүстік бөлігінде орналасқан. Климаттық жағдайларға сәйкес, жел көбінесе оңтүстік-батыстан соғады.
– Желдің сол бағытта соғуы салдарынан ЖЭО-дан шақырымдағы санитарлық-қорғау аймағында орналасқан оңтүстік кентке және 31-ші шағын ауданның бір бөлігіне түседі. Нормативтік актілерге сәйкес санитарлық-қорғау аймағында құрылыс салуға тыйым салынады, – деп хабарлады бөлімде.
Сондай-ақ кәсіпорында станцияда шығатын түтін газдары үнемі бақыланатынын хабарлады.
– Екібастұз ЖЭО жылу энергиясын өндіру кезінде «Богатырь Көмір» ЖШС-нің «Северный» разрезіндегі көмірдің тоннасына 43% келетін күлді пайдаланады. Отынды жағу процесінде негізгі қалдықтар шлак пен күл түрінде түзіледі, – деп жазылған хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, облыстық экология департаменті Екібастұз қаласы тұрғындарының шағымына қатысты жауап берген болатын.