Павлодарлық полицейлер велосипед ұрлаушыларын іздестіріп жүр

Екі доңғалағы бар темір тұлпардың иелері өз мүлкін сақтау үшін ешқандай шара қолданбайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары азаматтарға велосипедтерін қараусыз қалдырмау туралы бірнеше рет ескертулеріне қарамастан, велосипед ұрлығы әлі де орын алып жатады.
– Мысалы, полицияға павлодарлық жасөспірім велосипедінің ұрланғаны туралы арызбен жүгінді. Анықталғандай, велосипед Ломов көшесіндегі дүкеннің жанында қалдырылды. Басқа жағдайда, спорттық велосипедті ұрлау фактісі бойынша темір тұлпарын Торайғыров көшесіндегі үйдің ауласынан алып кеткен қала тұрғыны жүгінді. Ұрлық фактілері бойынша полиция қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде, – деді департаментте.
Полиция ұрлықты болдырмау үшін велосипедті адам көп жиналатын жерде қалдырған жөн деп ескертеді. Велосипедті қоршауларға тастағанда немесе қоршауларға бекіту кезінде олардың сенімділігіне көз жеткізген дұрыс.
Велосипедті өшірілмейтін жапсырмалармен, суреттермен, жазулармен таңбалау да ұрлықтың алдын алу шараларының бірі болып табылады.
– Егер ұрлық орын алса, дереу полицияға хабарласу керек. Көбінесе ұрланған велосипедтердің иелері оларды полицияға бармай-ақ өз бетінше іздеуге тырысады, осылайша қылмысты ашудың қымбат уақытын жіберіп алады, – деп атап өтті ведомствода.
Егер қылмыстың құрбаны немесе куәгері болсаңыз полицияға қоңырау шалуға немесе «Police 102» мобильді қосымшасын пайдалану ұсынылады.