Павлодар облысында дәнді дақылдар егу үшін қолайлы мерзім аталды

Павлодар облысында дәнді дақылдар егу үшін  қолайлы мерзім аталды
Фото: Константин Шелков

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу кезінде туындауы мүмкін мәселелерді шешу үшін жедел штаб құрылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Марат Ақтаев айтты.

–  «Павлодар тәжірибелік ауыл шаруашылығы станциясы» ЖШС әр өңірдің топырағына қарай биылғы жылдың егіс мерзімін әзірледі. Майлы және дәнді дақылдарды себудің оңтайлы уақыты – 5 мамыр - 3 маусым аралығы, – деді Марат Ақтаев. – Жалпы, егіс жұмыстары үшінші маусымда аяқталуы тиіс.  

Шаруалар биылғы қыста қардың көп түспеуін ескере отырып, деректерге өздері түзетулер енгізе алады.

Айта кетейік, биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 49,9 мың гектарға ұлғайтылып, жалпы көлемі 1,6 миллион гектарды құрайды. Көрсеткіштердің өсуіне бірінші кезекте Ертіс, Шарбақты, Железин, Шарбақты, Успен және Тереңкөл аудандарында өнімділіктің жоғары болуы оң әсер етті.