Грузияда ұн тартатын барлық кәсіпорындар жабылды

Грузияда ұн тартатын барлық кәсіпорындар жабылды

Өйткені аталған өнім сырттан әкеліне бастаған, деп хабарлайды  24.kz. 

Мамандар "бұл жағдай бидай өсіретін шаруаларды тығырыққа тіреп отыр", дейді. Грузияда ұн тарту пайдасыз іске айналды. Себебі үкімет оны сырттан алдырып отыр. Басты импорттаушы - Ресей. Ол Грузияда пайдаланылатын бидайдың 90 пайызын жеткізеді.

 - Бұл жағдайға Ресейдің екі жыл бұрын ұнның емес, бидайдың экспортына алым енгізуі себеп. Сондықтан қазір Грузияға ұнды іште өндірмей, сырттан әкелу тиімді. Былтыр Ресейдегі әр бесінші партия Грузияға сатылды. Осының кесірінен дағдарысқа тап болдық, - дейді Грузияның бидай және ұн өндірушілер қауымдастығының атқарушы директоры Леван Силагава.

Шаруалар шығынға шаш-етектен батты. Былтыр орылған 30 мың тонна астық далада қалды. 30 жыл бойы бидайдан пайда тауып келген Гела Тетраули биыл алғаш рет астығын сата алмай қалды. 

Ол қоймада босқа шіріп жатыр деп қынжылады. Осы шаруашылық үшін банктен алған несиесінің өсімі де өсіп жатыр. 

- Біздің кәсібіміз құрдымға кетті. Бұдан былай біз тыңайтқыш, түрлі химикаттарды мүлде сатып ала алмаймыз. Банктегі несиемізді уақытылы жаба алмай, қазірдің өзінде бірнеше есе көбейіп кетті. Қара тізімге іліктік, - дейді  шаруа, «Аграрлы-экологиялық қауымдастық» бірлестігінің төрағасы Гела Тетраули.

Грузия тұтынатын бидайдың 10 пайызын ғана өзі қамтамасыз етіп отыр. Ал үкімет бұл көрсеткішті 50 пайызға арттырамыз деп уәде берген болатын. Бірақ сөзі мен ісі үлеспей тұр. Ауыл шаруашылығы мамандары көмекқаржы беру арқылы нан бағасын ұстап тұруды, жергілікті астық өндірісін жандандыруды және бидайдың 2 айлық қорын жасауды ұсынды.