Павлодар тұрғыны мас күйінде адам өлтіргені үшін сотталды
Ол азаматтық жұбайын соққыға жықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сот залында адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.
Соттың анықтауы бойынша, 9 қаңтар күні сағат 21:00 шамасында В. азаматтық жұбайы К.-мен үйінде алкогольдік ішімдік ішкен. Бірге ішу барысында олардың арасында былапыт сөздерді қолданумен жанжал туындады.
– Туындаған араздық қарым-қатынастар салдарынан В. өлтіру мақсатымен К.-ның бетіне және басына бірнеше рет жұдырықпен соққы жасаған, ал ол еденге құлаған кезде жұдырығымен және аяғымен дененің әртүрлі бөліктеріне тағы бірнеше рет соққы жасады, – дейді баспасөз орталығында.
Алған жарақаттарынан К. сол жерде қайтыс болды, ал В. қылмыс орнынан қашып кетті.
Сотталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, бірқатар сот сараптамаларының қорытындыларымен және сот зерттеген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.
Қылмыскер кінәсін ішінара мойындағанына қарамастан, қылмысты масаң күйде және қауіпті қайталануында жасады.
Осыны ескере отырып, сот бұрынғы үкім бойынша жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосып, айыпталушыға қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтеумен түпкілікті 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.