Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды

Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңірде ауа райының күрт бұзылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 қаңтар күні өңірде қар жауып, бұрқасын соғады, сондай-ақ күндіз көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады деп болжануда. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болса, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа, ал батыс аудандарда 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.

Павлодар қаласында да 6 қаңтар күні қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Күндіз жолдарда көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с-қа жетеді.