Екібастұз қаласы мен ауылдық аймақтарында су тазартылады

Екібастұз қаласы мен ауылдық аймақтарында су тазартылады
Фото: Константин Шелков

Дезинфекция үш күнге созылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Горводоканал» МКК мәліметінше, 6-9 қыркүйек  аралығында су құбыры желілерін профилактикалық дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі.

Екібастұз қаласы мен Майқайың, Лесхоз, Атығай, Қоянды, Құрылысшы кенттерінде су тазартылады.

Су арнасында осыған байланысты тұрғындарға суды тұндырып, қайнатқаннан кейін ғана пайдалануға кеңес береді және малды мұндай сумен жемдемеуді және жасыл алқаптарды суармауды сұрайды.