Павлодарда бірқатар әлеуметтік нысандарда жарық болмайды

Павлодарда бірқатар әлеуметтік нысандарда жарық болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Электр желісінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 қыркүйек күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты болмайды:

  • Қамзин көшесі, 360/1 – №2 бөбекжай-бақша, 360/2, 362 – «Керемет» тігін ательесі, 364 – «Биосфера» дәріханасы, «Альянс 2» дүкені, «Wildberries» беру орынжайы;
  • М. Жүсіп көшесі, 382, 384 – «Qymyzhana» кафесі, 384/1 – «Sky Jumping Fitness» фитнес-орталығы, «Damu kids», «Зайка» баланы дамыту орталықтары, 427 – «Идеал сервис» сауда компаниясы, 429, 465 – «Автобан» дүкені;
  • Рылеев көшесі, 13 – халық шығармашылығын дамытудың құрылымдық бөлімшесі, 15 – «Komanda Ra»;
  • Орджоникидзе көшесі, 39 – дұға үйі;
  • Ак. Сәтбаев көшесі, 336/1 – «МСК» кафесі, 362 – «100 дорог» автокешені, 382/5 – «Safi Market» сауда үйі.

Сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін:

  • Ш. Қалдаяқов көшесі, 3-31-үйлері, 4 – «Okna Pavlodar»;
  • С. Нұрмағамбетов көшесі, 40, 42-86, 58/1 – «Витязь» автобөлшектер дүкені, 84/1 – «Easy» автожуу.