Павлодар облысында футболға қанша ақша бөлінеді?

Павлодар облысында футболға қанша ақша бөлінеді?
Фото: Константин Шелков

Спорт түрлері арасында футболға бөлінетін қаражат сомасы ең үлкен болып танылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назарчук мәлім етті. 

– Әр облыста бұл спортқа бөлінетін сома көлемі әртүрлі. Бүгінгі таңда неше клуб болса да, облыстағы футбол спортына бөлінетін максималды қаражат көлемі 1,2 миллиард теңгені құрайды. Біз аталған қаражат көлемінен артық бөле алмаймыз, – дейді Ирина Назарчук. 

Басқарма басшысының айтуынша, бұл қаражат дене шынықтыру және спорт басқармасына табысталған соң, әрі қарай ведомство клубтарға үлестіріледі. 

Айта кету керек, облыста спорт түрлері бойынша ең көп қаражат футболға бөлінеді.