Павлодарлық тұрғын Асайын Байхановтан сумен жабдықтау желілерін ауыстыруды сұрады
Облыс әкімі азаматтардың жеке қабылдауын өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір тұрғындары Асайын Байхановқа сумен жабдықтауды қамтамасыз ету, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру, оқу орындарында қауіпсіздікті ұйымдастыру, кәсіпкерлік және т. б. мәселелер бойынша жүгінді.
Павлодар тұрғыны тозығы жеткен сумен жабдықтау желілерін ауыстыруды сұрады. Оның ойынша, соның салдарынан облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінде бірнеше жыл бойы жоғарғы қабаттарында су қысымы төмен берілуде.
Сондай-ақ, облыс әкіміне Ақсу қаласында мүгедектер арбасын жөндеу шеберханасын жабдықтау үшін жеке кабинет бөлу туралы өтініш айтылды.
Барлық айтылған сұрақтар бақылауға алынды. Жауапты мемлекеттік органдарға қосымша қарауды және оларды шешу үшін қосымша уақытты талап ететін өтініштер бойынша тапсырмалар берілді.
Естеріңізге сала кетейік, аймақ тұрғындары жеке қабылдауға E-gov, E-otinish.kz порталы және +77021661661 WhatsApp желісі арқылы жазыла алады.