Қытай холдингі Павлодар облысына инвестиция салуға дайын

Қытай холдингі Павлодар облысына инвестиция салуға дайын
Фото: атамекеннен

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасында кездесу өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Айдос Шайхислам айтуынша, мұндай кездесудің маңызы зор, себебі Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы – бұрыннан келе жатқан стратегиялық серіктестер, ал «Атамекен» палатасы инвестициялық жобаларға ерекше назар аударады.

«Snow Valley Agricultural Group Co» Ltd компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Ван Дэнше сәуір айында Павлодар облысының әкімі кәсіпорынға келіп кеткенін атап өтті.

Сол кезде біз танысу мақсатында Павлодар облысына, міндетті түрде, барамыз деп келістік. Жасалған келісім аясында біз қазір Павлодар облысына келіп, өндіріске инвестиция салу мүмкіндігін зерттеу үшін делегация жинадық, – деп атап өтті спикер.

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасында өткен кездесуде холдинг өкілдеріне өңірдегі инвестициялық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік қолдаудың ықтимал шаралары туралы айтылды. Қытай тарапының мәселелері жер, сумен жабдықтау, өндірістік бөлік сияқты мәселелерге қатысты болды.

Павлодар облысы – республикадағы ірі картоп өндіруші. Оған қолайлы ауа райы, суармалы жерлердің болуы, заманауи технологияларды қолдану ықпал етеді. Өткен жылы біз 700 мың тоннадан астам картоп өндірдік. Бұл біздің облысымыздың қажеттілігінен он бір есе артық. Ал биыл 31 мың гектарға жуық егістік және 800 мың тоннаға жуық осы дақылдың өнімін алуды жоспарлап отырмыз, – деп мәлімдеді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Хамза Оразбеков.

Ван Дэнше Павлодар облысына инвестициялардың мүмкіндіктерін алдын ала зерттеу нәтижелері және осы сапардың қорытындылары бойынша холдинг деңгейінде өңірге инвестиция құю туралы шешім қабылданатынын айтты.

Біздің компания Павлодар облысына инвестиция салуды жоспарлап отыр. Шетелдік инвестициялар үшін бұл – өте күрделі рәсім. Мен бұл жобаның Павлодар облысы үшін қаншалықты маңызды екенін және біздің жобамызды Қазақстанда бекітуге көмектесу үшін облыс әкімі деңгейінде ресурстарды қосуға бола ма екенін білгім келеді, – деді «Snow Valley Agricultural Group Co» Ltd компаниясының бас директоры. 

Облыстық ауыл шаруашылығының басшысы облыс әкімі ҚХР-дағы осы холдингпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғанын айтты.

Сондықтан барлық құзыретті мемлекеттік органдар оны іске асыруға ықпал етуге мүдделі. Осы құжатқа сәйкес біз осы жобаны іске асыру үшін бірлесіп жұмыс жасаймыз, – деді Хамза Оразбеков.

Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Людмила Курманова бізде қытайлық инвесторлармен өзара іс-қимыл жасау тәжірибесі бар екенінжәне инвесторлармен мессенджерлер арқылы ынтымақтастықтың егжей-тегжейі қазірдің өзінде пысықталғанын және түсінікті екенін атап өтті.