Павлодар облысында кедендік бағыт бойынша бюджетке түсетін түсімдер едәуір ұлғайған
2023 жылдың бірінші тоқсанында бюджетке 6 743,3 теңге сомасына кедендік төлемдер мен салықтар аударылды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар облысы бойынша мемлекттік кірістер департаментінің басшысы Ержан Тоқтарханов мәлім етті.
– Бірінші тоқсандағы болжамды тапсырманы орындау жоспарға 162,4% немесе қосымша 2 591 миллион теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда кедендік төлемдер мен салықтар түсімдерінің өсуі шамамен 215% көрсетті немесе бюджетке 3 603 миллион теңгеге артық аударылды, – деді Ержан Тоқтарханов.
Оның айтуынша, кедендік аудит нәтижелері бойынша 5 тексеру жүргізілген. Жалпы сомасы 20,9 млн теңгеге кедендік төлемдер мен салықтар қосымша есептелген және өткен жылдарды ескере отырып, 107 млн теңге немесе 512% өндірілді.
2022 жылдың осы кезеңінде 17 тексеру аяқталды, жалпы сомасы 18 млн теңгеге кедендік төлемдер мен салықтар қосымша есептелді. 29 млн теңге өндірілді немесе 161%. Кедендік төлемдер мен салықтар қосымша есептеу бойынша өсім қарқыны – 116% немесе 2,9 млн теңгені өндіріп алу бойынша – 369%, 78 млн теңгені құрады.