Павлодарда 12 адам эвакуацияланды

Бір адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Сұрағанов көшесінде орналасқан үш қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шыққан болатын. Өрт 15 шаршы метр алаңда толығымен сөндірілді. ТЖМ күштері 12 адамды эвакуациялады, оның ішінде екі баланы құтқарды. Өрт сөндірушілер бір газ баллонын алып шықты.
Жанып жатқан пәтерден жану өнімдерімен уланған 1986 жылы туған 39 жастағы пәтер иесі құтқарылып, жедел жәрдемге тапсырылды. Ер адам ауруханаға жатқызылды. Өрт сағат 11:35-те толықтай жойылды. Себебі анықталуда.