Павлодарда демалыс күндері трамвай қозғалысы өзгереді

Павлодарда демалыс күндері трамвай қозғалысы өзгереді

Ломов көшесі, «ИнЕУ» аялдамасы маңында жылу желілерін жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық трамвай басқармасының мәліметінше, жөндеу жүргізілуіне байланысты 29 сәуірден бастап 1 мамырға дейін трамвай бағыттары өзгереді. 

Аталған демалыс күндері жолаушыларды «Асыл базары» аялдамасынан «Машина жасау колледжі» аялдамасына дейін екі бағытта вагондармен  тасымалданады. Яғни, Мәшһүр Жүсіп көшесімен ғана жолаушыларды тасымалдайтын трамвай жүреді. 

–  «Машина жасау колледжі» аялдамасынан жолаушылар «ЧЛЦ», «Мұнайшы бағы», «РМЦ» бағытында жүретін №1, 4, 6 маршруттарға ауыса алады, – деді басқармада.

Ал, Ломов көшесі бойымен «Ломов көшесі» аялдамасынан «Торайғыров университеті» аялдамасына дейін жүретін вагон жолаушыларды әкетіп, кейіннен қажетті бағытқа ауыстырады («Асыл базары» аялдамасынан және «Ломов көшесі» аялдамасынан).

Айта кетейік, Н.Назарбаев даңғылындағы қозғалыс әдеттегі схема бойынша жүзеге асырылады. Жол жүру ақысын бір рет төлеп, кейін тексерушіге электрондық чекті ұсыну қажет.

Фото: Константин Шелков