Павлодар облысында кезекті туристік «Ертіс меридианы» слеті қашан өтеді?

Павлодар облысында кезекті туристік «Ертіс меридианы» слеті қашан өтеді?
Фото: Константин Шелков

Дәстүрлі туризмдік іс-шара 33-ші рет  ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Диас Жакенов Баянауыл өңіріндегі Жасыбай көлінде жыл сайын өткізілетін «Ертіс мериданы» атты туристік слетті өткізу 20-25 тамызға жоспарланғанын мәлім етті. 

– Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінің және Ресейдің Омбы, Новосібір, Алтай өлкесінің командалары қатысады деп күтілуде. Бүгінгі таңда спорттық шараның жоспарын әзірледік. Қазір жобаға толықтырулар енгізілуде. Командаларға шақыру хат жіберілді,  – деді Диас Жакенов. 

Айта кетерлігі, пандемиядан кейін дәстүрлі туристік слеттің өткізудің сәті болмай былтыр қайтадан жаңғыртылған болатын. Павлодар өңірінің командасы біріншілікте қола медальдің жүлдегерлері атанған.