Павлодарда оқушылар үшін тарихи жерлерде саяхат ұйымдастырылды

Павлодарда оқушылар үшін тарихи жерлерде саяхат ұйымдастырылды

Экскурсияға оннан астам оқушы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz 

Павлодар облысының тарихи-мәдени және киелі орындарын зерттеу, туристік-өлкетану қозғалысын дамытуды насихаттау және қолдау мақсатында «Жас ұрпақ»  тәрбиеленушілері үшін өлкетану экскурсиясы ұйымдастырылды. Саяхатты  Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша  «New vision team» ҚҚ өткізді.  

Оқушыларды Ертіс бойында серуенге апарып, өзеннің географиялық сипаттамаларын, флорасы мен фаунасы туралы айтылды. Сондай-ақ, оларды қаланың көрікті жерлердің бірі – «Қазқонақ» ескерткішіне апарып. Экскурсияға қатысушылар  қала тағдырына әсер еткен тарихи тұлғалар туралы біліп, пайдалы мағлұмат алды.