Павлодарда жылу желілері гидравликалық сынақтан өтеді

Павлодарда жылу желілері гидравликалық сынақтан өтеді
Фото: Константин Шелков

Осыған байланысты кейбір шағын аудандарда ыстық су болмайды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

 «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ мәліметінше, 29 шілде мен 4 тамыз аралығында «Павлодар жылу желілері» ЖШС «Қазақстан алюминийі» АҚ филиалының электр станциясынан жылу желілерін гидравликалық сынақтан өткізеді.

Тестілеуге байланысты осы кезеңде Павлодар қаласының оңтүстік тұрғын үйлерде ыстық су берілмейді: 29 қараша,  Естай, Абай,  Кривенко,  Малайсары батыр,  Қамзин көшелері мен Екінші Павлодар, Шығыс, Усолка, Саяжай, Достық, Сарыарқа, Зеленстрой шағын аудандары.

– Сынақтардың мақсаты жөндеу жұмыстарынан кейін жылу желілерінің құбырлары мен жабдықтарындағы ақауларды анықтау болып табылады. Осы кезеңде жылу желілері өтетін жерлерде абай болуларыңызды сұраймыз, – делінген хабарламада. 

Сынақтар аяқталғаннан кейін анықталған зақымдарды ескере отырып, бір ай ішінде үйлерге ыстық су беруді кезең-кезеңімен қосу жүргізіледі. 

Барлық анықталған ескертулер мен бұзушылықтар бойынша келесі телефон нөмірлеріне хабарласа аласыздар: +7 (7182)57-07-51 («Павлодар жылу желілері» ЖШС диспетчерлік қызметі); +7 (7182) 62-61-09 (жұмыс аймағы).