Павлодар облысында көпір мен бірқатар республикалық жолдар жабылды
Өңірде қолайсыз ауа райы сақталуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәлімдеуінше, қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты 2023 жылғы 15 сәуір сағат 11:00-гі жағдай бойынша келесі республикалық маңызы бар автомобиль жолдары жабылды:
- Павлодар қаласынан Абай облысының шекарасына дейін;
- Ленин кентінен Ақсу қаласына дейін;
- Ленин кентінен Ақтоғай ауылына дейін;
- Павлодар қаласынан Успенка ауылына дейін;
- Нұрлы Жол көпір өткелі;
- Павлодар қаласынан Ақмола және Қарағанды облыстарының шекарасына дейін.
Сондай-ақ облыстық маңызы бар Беловка-Қалқаман, Шақат-Восточное-Шалдай жолдары жабылды.
Ауа райының қолайсыздығы кезінде алыс сапарларға жолға шықпауларыңызды сұраймыз!
Фото: ашық дереккөздерден