ПМЗ ұжымындағы ерлі-зайыптылар павлодарлықтарды Ғашықтар күнімен құттықтады
Жас жұбайлар аздаған уақыттан бері «ERG Service» ЖШС Павлодар машина жасау зауытында еңбек етуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
21 жастағы Анастасия Носова бұл жұмысқа алты ай бұрын орналасқан. Бұл зауыт оны жақсы жұмыс жағдайларымен қызықтырған. Анастасия кран машинисті болып істейді.
Сондай-ақ ERG Service Павлодар машина жасау зауыты оған күйеуі жұмыс істейтіндіктен әрдайым ыстық.
Оның жұбайы 22 жастағы Егор Носов осында үшінші жыл электр дәнекерлеуші болып жұмыс істейді.
– Біз бір ауылданбыз. Павлодар ауданыдағы Луганск ауылында тұрдық. Сондықтан бір-бірімізді бұрыннан танимыз. Үш жыл бұрын мен Настяға ұсыныс жасадым. Ол бірден иә деп жауап берді. Содан бері үйде де, жұмыста да біргеміз, - дейді жас жігіт.
Анастасияның айтуынша, ол мектептен кейін Павлодарға көшіп кеткен. Ал, Егор Ақсуда әжесімен бірге тұрған. Тағдырдың жазуымен кейін екеуі қайта кездескен. Бүгінде олар кішкентай ұл тәрбиелеп отыр.
- Жұбайымды тек үйде ғана емес, жұмыста да кездестіру мен үшін ауыртпалық емес, - дейді Егор Носов. – Маған екеуміздің де Павлодар машина жасау зауытында жұмыс істейтініміз ұнайды. Сонымен қатар, біздің ауысымымыз әрқашан сәйкес келе бермейді. Біз әрқашан бір-бірімізді қолдаймыз.
Носовтар ашық ауада серуендеуді, жаяу жүріп қайтуды және велосипед тебуді жақсы көреді. Сондай-ақ күннің қалай өткенін бөлісу, болашаққа арналған жоспарларды талқылау үшін бірге отырып шай ішкенді ұнатады.
Қазақстанның барша ғашықтарының «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» күнін жас жұбайлар отбасылық ортада тойлауды жоспарлап отыр.
- Бұл күні павлодарлықтарға бір-бірін жақсы көріп, сенім артып, өзара түсіністікті сақтап жүрсін деген тілек айтамыз, - деді Егор Носов.
Оразбек Саяхат
Фото: «ERG Service» ЖШС корпоративтік коммуникациялар қызметі