Павлодарлық бақылау тобы жарымжандарға арналған таксилерді тексерді
Мониторинг барысында бірқатар ескертулер жасалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында көрсетілетін қызметтерді іске асыру мониторингі шеңберінде екі қызметке бақылау жүргізді. Олар жарымжан балалар және мүгедектігі бар адамдарға арналған «Инватакси» қызметтерін тексерді.
Екі қызметті де SPODA Павлодар облыстық мүгедектер арасындағы пауэрлифтинг федерациясы жүзеге асырады. Бірінші тапсырыс бойынша лоттар сомасы 25 миллион теңге және 30,3 млн.теңге, келісімшарттар бір көзден алу әдісімен жасалды. Бірінше лоттағы қызметке 25 миллион теңге бөлінсе, екінші санаттағы қызметке 30,3 миллион теңге бөлініп, келісімшарт жасалды.
Бақылау барысында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бірнеше ескертулер жасады:
1. Диспетчерлiк қызмет өтiнiштердi қабылдау үшiн кемiнде екi телефон нөмiр болу керек. Сондай-ақ, қызмет көрсету сапасын бақылау үшiн телефон арқылы түскен қоңырауды жазу мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн құрылғымен жабдықталуы тиіс. Алайда, аталған қызмет жоқ болып шықты. Бұл сұрақ бойынша диспетчер қызметкерлері қызмет алушылардың әңгімелерін жазып алудан бас тартқанына сілтеді.
2. Бақылау барысында көліктердің толықтай дайын еместігі байқалды. Атап айтқанда, 4-тармаққа сәйкес қызмет көрсететін ұйымда отырғызу және түсіру үшін арнайы гидравликалық немесе тартылатын (жиналмалы) құрылғымен және арбаларды бекітуге арналған құрылғылармен жабдықталған кемінде алты жолаушы көлігі болуы тиіс. Бірде-бір көлікте мүгедектер арбасын бекітетін құрылғылар табылмады.
Жеке азаматтардан көліктердің техникалық жағдайына, салонынан жанар-жағармай иісі шығатынына, кейбір көліктердің қыста салқын болуына қатысты шағымдар келіп түскен. Бұл мәселелерге мониторинг тобының мүшелері де куәгер болып қайтты.
Айта кетейік, мониторингтің мақсаты – мемлекеттік тапсырыстар аясында жеткізуші көрсететін қызметтердің сапасын арттыру және анықталған кемшіліктерді жою. Мониторинг бейсенбі күні жалғасатын болады.