Павлодарда ер адам іздестірілуде

Азаматтың жоғалып кеткеніне үш аптадан асты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«VITA» іздестіру жасағының мәліметінше, 37 жастағы Юрий Купин 26 наурыз күні сағат 6:00-де Бекмаханов көшесі, 150/1 мекенжайынан шығып, қайтып оралмаған.
– Азаматтың бойы 175 сантиметр, көзі көк, шашы ақшыл сары, денесі арық. Қазіргі уақытта сақалы болуы мүмкін. Білегінде «Ю» әрпі салынған, ал кеудесінде крест салынған татуировкасы бар. Жұмыс киімімен шығып кеткен. Үстінде қара көк күртеше, астында қара шалбар, аяғында галош, – делінген хабарламада.
Еріктілер кез келген ақпарат бойынша +7(747)615-55-63 (Катерина), +7(777)334-82-01 (Светлана) немесе 102 нөмірі бойынша хабарласуды сұрайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram