Павлодарда монша жөндеп жатқан Өзбекстан азаматтарына айыппұл салынды

Павлодарда монша жөндеп жатқан Өзбекстан азаматтарына айыппұл салынды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сондай-ақ жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қаладағы монша кешендерінің бірінің иесі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Өзбекстанның үш азаматын жұмысқа жалдаған. Аталған факті көші-қон қызметі қызметкерлері рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде анықталған.

– Құқық бұзушылар үй шаруашылығында еңбек қызметімен айналысуға рұқсат алған сәттен бастап осында жұмыс істейтіндерін түсіндірді. Тексеру кезінде жүзеге асырылатын еңбек қызметі саласы мен құжаттарда көрсетілген мекенжайдың сәйкессіздігі анықталды. Аталған фактіге қатысты 517-баптың 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Сот шешімі бойынша осы бұзушылық үшін Өзбекстанның үш азаматының әрқайсысына 25 АЕК,  жұмыс берушіге ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-бөлігі бойынша 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – дейді облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ғомар Шәбиденов

Жыл басынан бері облыста полицейлер шетелдік азаматтардың заңсыз еңбек қызметін жүзеге асыруының 334 фактісін тоқтатты, барлық құқық бұзушылар жауапқа тартылды. Сондай-ақ 88 жұмыс берушіге қатысты шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Айта кетейік, тәртіп сақшылары «Полиция жұмысының қазақстандық сервистік моделі» пилоттық жобасы шеңберінде көші-қон заңнамасын бұзушылықтардың жолын кесу бойынша тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар жүргізеді.