Павлодар облысында «Мал ұрлаушы» жедел іс-шарасы басталды

Павлодар облысында «Мал ұрлаушы» жедел іс-шарасы басталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Полиция ауыл шаруашылығы жануарларын ұрлаудың алдын алу үшін рейдтер мен тексерістерді күшейтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, іс-шара аясында полиция қызметкерлері рейдтік шаралар өткізіп, ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдайтын автокөліктерді тексеруде. Сонымен қатар малды заңсыз союы және ет өнімдерін рұқсатсыз өткізуі мүмкін орындар пысықталуда.

Құқық қорғау органдары ветеринариялық анықтамалар мен ілеспе құжаттардың болуына ерекше назар аударып отыр.