Павлодар облысында мамырдың соңғы аптасы жаңбырлы болады

Павлодар облысында мамырдың соңғы аптасы жаңбырлы болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидромет РМК-ның мәліметінше, 27 мамырда сынап бағанасы күндіз +10...+15°С-ты көрсетеді. 

28 мамырда облыстың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Ауа температурасы түнде +3...+8°С болса, күндіз +7...+12°С-қа дейін жылынады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14, кей жерлерде 15-20 метрге дейін жетеді. 

29 мамырда жаңбыр мен бұршақ жауады. Сынап бағанасы түнде +5...+10°С, ал күндіз +10...+15°С, облыстың оңтүстігінде +20°С-ты көрсетеді. 

30 мамырда жауын-шашын күтіледі. Ауа температурасы түнде +4...+9°С, ал күндіз +10...+15°С жылы болады. 

31 мамырда жаңбыр жаумайды. Сынап бағанасы түнде +3...+8°С, ал күндіз +11...+16°С көрсетеді. 

Жаздың алғашқы күнінде де жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +3...+8°С, ал күндіз +15...+20°С-қа дейін жылынады. Желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге дейін жетеді. 

Жексенбіде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Сынап бағанасы түнде +5...+10°С, ал күндіз +17...+22°С-ты көрсетеді.