Павлодар облысында жол-көлік оқиғалар саны артты

Павлодар облысында жол-көлік оқиғалар саны артты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

2023 жылы қаңтар-сәуір айларында елімізде 3,4 мың жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,3% аз. Оның ішінде 404 оқиға (немесе 12,1%) кісі өлімімен аяқталған.  2,9 мың жол-көлік оқиғасы – жүргізушілердің, 81 оқиға – жаяу жүргіншілердің, 1 жағдай – жол қызметі мен мердігерлердің кінәсінен болған.

Өңірлер бойынша жол-көлік оқиғалары Алматы қаласында жиі тіркелген: жыл басынан бері – 957 оқиға (бір жылда 0,3% азайған). Одан кейінгі орында Алматы (336 оқиға, 49,5% азайған) және Жамбыл (305 оқиға, 22,6% азайған) облыстары. Ұлытау облысында керісінше жыл басынан бері 13 оқиға орын алды. Одан кейін Солтүстік Қазақстан (64 жағдай) және Қарағанды (82 жағдай) облыстары тұр.

– Елімізде 20 өңірдің ішінде екі аймақта – Батыс Қазақстан (19,7%, 85 оқиғаға дейін) және Павлодар (1,6%, 129 оқиғаға дейін) облыстарында жазатайым оқиғалар санының өсуі байқалды.  Ал Қостанай мен Солтүстік Қазақстанда апаттар саны өзгеріссіз қалған, – деп жазылған хабарламада.

Биылғы жылдың төрт айы ішінде  жол-көлік оқиғалары салдарынан 4,8 мың адам зардап шеккен. Бұл бір жыл бұрынғыдан 14,8% аз. Олардың ішінде жараланғандар саны 15,6% азайып, 4,3 мың адамды құрады. Оның ішінде 2,4 мыңы –  ерлер, 1,9 мыңы –  әйелдер. Жараланғандар арасында 799-ы – кәмелетке толмағандар, көрсеткіш бір жылда 16,6% азайған. 2,2 мың адам ауруханаға жатқызылды  (бір жыл бұрынғыдан 10,4% аз).

ЖКО салдарынан қайтыс болғандар 7% азайды, алайда олардың ішіндегі кәмелетке толмағандар былтырғыдан 24% көп. Қайтыс болғандар саны –  522 (бір жыл бұрынғыдан 7,3% аз), оның ішінде 375-і – ер адам және 147-сі – әйел. Көз жұмғандар арасында – кәмелетке толмағандар – 52, көрсеткіш бір жылда 23,8% көбейген.

Өңірлер бойынша жол-көлік оқиғаларынан Алматы қаласы (1,1 мың адам), Алматы (505 адам) және Жамбыл (501 адам) облыстарында зардап шеккендер көп.

Республика бойынша барлық ЖКО-ның 2,6 мыңы ашық ауа райында, 177 оқиға – бұлтты күндері, 128 жағдай – қар жауғанда, 72 оқиға – жаңбыр жауғанда, 25 оқиға тұманда тіркелді.