Павлодар облысында прокуратура еңбеккерлердің құқығын қорғады

Павлодар облысында прокуратура еңбеккерлердің құқығын қорғады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Прокурорлық қадағалаудан кейін коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері бірнеше айлық жалақысын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Еңбек заңнамасының сақталуына жүргізілген мониторинг барысында Шарбақты ауданының прокурорлары «Қайнар» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында қызметкерлер алдында жалақы бойынша берешек қалыптасқанын анықтаған.

– Прокурорлық қадағалау актісі негізінде кәсіпорын заң бұзушылықтарды жою шараларын қабылдады. Нәтижесінде қызметкерлерге жалпы сомасы 21,5 миллион теңгеден астам жалақы берешегі толық төленді, – деді облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Осылайша 171 қызметкердің еңбекақысын уақытылы алу жөніндегі конституциялық құқығы қалпына келтірілді.

Сонымен қатар еңбек заңнамасын бұзуға жол берген кінәлі лауазымды тұлға заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды.