Павлодар облысының еріктілері республикалық «Қоржын» қайырымдылық акциясына қосылады
Аталмыш бастама Алғыс айту күніне орай жүзеге асады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Әлнұр Сейдуманов мәлім етті.
– Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» республикалық байқаудың аясында «Қоржын» қайырымдылық акциясы басталады. Яғни, ардагерлерге, зейнеткерлерге, әлеуметтік топтарға, көпбалалы отбасыларға көмек көрсетіледі,– деді Әлнұр Сейдуманов.
Акция кезінде еріктілер қала мен аудан әкімдіктер берген тізім бойынша жалғызбасты аналарға, көпбалалы отбасыларға және халықтың әлеуметтік осал топтағы жандарға барып көмек жасайды. Олар ауладағы қарды тазалап беріп, жеке секторда тұратын жасы үлкен азаматтарға отын жарып береді және тағы да басқа.