Павлодар облысында көлікпен тасымалдау қызметінде конкурс жарияланды
Конкурс бірнеше бағытта ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы республикаішілік жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау бағытына қызмет көрсетуге конкурстың өтетінін хабарлады. Конкурс 4 сәуір күні сағат 11:00-де Жеңіс алаңы көшесі, 5 Б мекенжайында ұйымдастырлмақ.
Байқау келесі бағыттар бойынша шығарылады:
№ 1 лот Павлодар-Өскемен-Павлодар;
№ 2 лот Ертіс-Павлодар-Ертіс;
№ 3 лот Ақтоғай-Павлодар-Ақтоғай;
№ 4 лот Павлодар-Аққулы-Бесқарағай;
№ 5 лот Қалқаман-Павлодар-Қалқаман;
№ 6 лот Лесное-Павлодар-Лесное;
№ 8 лот Лесное-Павлодар-Лесное.
Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде көлік құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
Оған қатысуға ниет білдіргендер «Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-ге конкурстық құжаттар пакетін алуға өтінімді жазбаша ұсынады: Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы көшесі, 5 Б, 708 кабинетке немесе элоктаронды пошта zholoman.dulat@pavlodar.gov.kz жолдауға болады.
Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні 15 наурызда сағат 18:30-ға дейін.
4 наурызда сағат 15:00-де комиссия конкурсты өткізу мәселесі бойынша алдын ала конференция өткізеді.
Туындаған сұрақтар бойынша 32-72-07 телефоны арқылы жүгінуге болады.