Павлодар облысының ішіндегі бірқатар жол ашылды

Павлодар облысының ішіндегі бірқатар жол ашылды

Бес бағыттағы жол жүргізушілерге қолжетімді болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, 15 сәуірде ауа райының жақсаруына байланысты облыстық маңызы бар келесі жолдарда көлік қозғалысы ашылды:

- Тереңкөл – Михайловка;

- Ивановка - Трофимовка;

- Жаңа-Жұлдыз - Петропавловка;

- Ақтоғай - Шолақсор;

- Павловка - Галицкое.

Сондай-ақ басқармада төтенше жағдайлар кезінде бірыңғай байланыс орталығы – 1403 нөміріне хабарласу керектігін еске салды.

Фото: Константин Шелков