Су тасқынына қарсы дайындық: Павлодардың іргесіндегі ауылдарда қар шығарылуда
Су тасқынына қарсы іс-шараларға 200-ден астам адам мен 230-ға жуық түрлі техника жұмылдырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қар қалыңдығының биіктігі нормадан аспайды – 16 см. Сондай-ақ топырақтың қату тереңдігі де нормадан аспайды – 102 см.
– Павлодарда су тасқыны қаупі бар кезең екі кезеңмен өтеді, – дейді қалалық ТЖ басқармасы басшысының м.а. Тілекжан Галямов. - Ең алдымен Павлодар, Жетекші, Мойылды ауылдарында, Ленин кентінде қар ериді. Екіншіден, су қоймаларынан су жіберу кезінде Кенжекөл мен Ленин кентін су басу қаупі бар.
Барлық ауылдар су сорғызу техникаларымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, жеткілікті мөлшерде қаптар мен инертті материал – топырақ пен қиыршық тас дайындалды.
Ауыл әкімдері жеке үйлердің тұрғындарын аулаларындағы қарды шығаруға шақырады, содан кейін оны арнайы техника көшелерден алып кетеді.
Айта кетейік, қала әкімі Ержан Иманзайыповтың тапсырмасымен қала маңындағы барлық ауылдарда да су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде.
Павлодар ауылынан екі мың текше метрден астам қар шығарылды.
– Су тасқынына қарсы шараларға дайынбыз, – деп сендірді ауыл әкімі Сырым Рушанов. – 500 қап пен 65 тонна құм бар. Төтенше жағдайлар департаменті су сору және қар тазалау техникаларының дайындығын тексерді.
Сондай-ақ олар Павлодар ауылының су басу мүмкін жағдайдағы картасы құрастырылды. Онда тоғыз учаске мен 50-ден астам үй ауласы белгіленді. Ең алдымен су тасқыны қаупі бар аймақтан қар шығарылады. Бұл жұмыстар 15 наурызға дейін жүргізіледі.
Павлодар қаласында күн сайын қар тазалауға барлығы 200-ден астам адам мен 228 техника жұмылдырылады. Қазірдің өзінде 448 мың тонна қар шығарылды.