Павлодарда жаңа электр қосалқы станциясы құрылады
Оған қосымша тұтынушылар қосыла алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
110/10 киловольттық «Северная городская» жаңа қосалқы станциясын «Павлодар өңірлік энергетикалық ауданы» компаниясы салады. Сондай-ақ трансформаторлық қосалқы станцияның қуаттылығын 40 мың киловаттқа дейін арттыру жоспарда бар. Бұл қосымша тұтынушыларды қосуға мүмкіндік береді.
– Шығарылатын қуат шектеулі және желі сыйымдылығы жеткіліксіз болғандықтан, негізгі жабдықты жай ғана ауыстыру мүмкін емес. Нәтижесінде 110/10 киловольттық қосалқы станция салуды жөн көрдік. Сондай-ақ әрқайсысы 40 мегавольт-ампер болатын екі қуатты трансформатор орнатамыз, – деді «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директоры Олег Щемель.
Павлодар қаласының солтүстік-шығыс бөлігіндегі тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін солтүстік қалалық қосалқы станциясы 1966 жылы пайдалануға берілді.Бүгінде оның ресурсы таусылған.
ПРЭК 15 қыркүйекке дейін қосалқы станцияның құрылысын аяқтап, толық пайдалануға енгізуді жоспарлап отыр.
Әсия Серікова