Павлодар облысының қай жерлерін шыбын-шіркейге қарсы дәрімен өңдейді?

Павлодар облысының қай жерлерін шыбын-шіркейге қарсы дәрімен өңдейді?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тапсырыс беруші мен ғылыми сүйемелдеу мамандары өңдеу жұмыстарына тікелей қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстың жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметінше, 27 сәуір күні ғылыми топ келесі жұмыстарды жоспарлауда:

  • сағат 6:00-ден бастап Павлодар қаласының 2-ші авиаалаңын, Ақсу қаласының 14, А3 авиалаңдарын авиаөңдеу;
  • сағат 7:00-ден бастап Павлодар ауданының П1, П2, П3 авиалаңдарын авиаөңдеу;
  • сағат 10:00-ден бастап Атамекен кенті, Ақсу қаласы, Павлодар ауданының Бірлік және Заря ауылдарында жаяу өңдеу;
  • сағат 10.00-нан бастап Павлодар, Ақсу қалалары және жағалаудағы аудандарға фенологиялық бақылау жүргізу. 

Ғылыми сүйемелдеу бойынша облыстық мердігерлік ұйым «Биосфера» ғылыми-өндірістік кәсіпорны ЖШС, «ВиК ЛТД» ЖШС облыстық мердігерлік ұйымы өңдеу жұмыстарын орындайды.