Павлодарлық дәрігерлер субұрқақтарда неліктен шомылуға болмайтынын түсіндірді

Судан инфекция жұқтыру қаупі бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысындағы субұрқақтар сәуір айының ортасынан бастап жұмыс істей бастайды. Іске қосу алдында олар жөнделіп, тазартылады. Бірақсубұрқақтар шомылуға арналмаған, өйткені электр желісіне қосылғандықтан ток соғудың тәуекелі бар.
Субұрқақтар эпидемиологиялық тұрғыдан балалар үшін өте қауіпті. Павлодарлық санитарлық дәрігерлердің айтуынша, фонтандардағы су көбінесе тазартылмайды.
– Субұрқақ суының стандарты жоқ, сондықтан сынамаға алмаймыз. Ол жердегі су ауызсу немесе құбыр суы емес, ол тек сәндік болып саналады. Әуелден фонтандар су ішуге немесе шомылуға арналмаған, – дейді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау дәрігерлері.
Вирустық ішек инфекцияларының, атап айтқанда,
энтеровирусты және ротавирустық энтериттің жиілігі көбінесе субұрқақтарда шомылумен байланысты. Бұл инфекциялар менингитпен, әсіресе энтеровирусты менингит немесе менингоэнцефалитпен асқынуы мүмкін. Бұл — өлімге әкелетін өте ауыр және қауіпті ауру. Сондай-ақ, субұрқақтың суымен салқындаған кезде вирустық гепатит А, басқаша айтқанда, сарғаюды жұқтыруы да мүмкін.
Өткен жылы да осыған ұқсас ауру жағдайлары тіркеліп, дәрігерлер мұны субұрқақтармен байланыстыратынын меңзеген. Бірақ мұндай деректер анамнезде ғана тіркелгендіктен,ведомство өткен жылдың нақты статистикасын бере алмайды.
Биыл бірде-бір науқас өтініш білдірген жоқ.