«Павлодар-Водоканал» алаяқтар туралы ескертеді

«Павлодар-Водоканал» алаяқтар туралы ескертеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Белгісіз тұлғалар компанияның атын жамылып, тұрғындарға қоңырау шалуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қоңыраулар көбінесе кәсіпорындарға және сумен жабдықтау желілеріне қосылған жеке үйлердің тұрғындарына келуде.

– Алаяқтар су құбырларын ауыстыру қажет екенін айтып, жоспарланған жұмыстар үшін төлем жасауды талап еткен. Атап айтқанда, +7(771)578-02-06 нөмірінен бірнеше алаяқтық қоңыраулар жасалған, – деді кәсіпорынның баспасөз қызметі.

Ведомство қала тұрғындарынан өте мұқият болуды сұрап, ақылы негізде ешқандай жұмыстар жүргізбейтінін атап өтті. Кәсіпорын өзі қызмет көрсететін сумен жабдықтау желілерін тұтынушылардың өтінімдері бойынша тегін ауыстырады.