Павлодарлықтар сұлулық үшін көбірек төлеуге мәжбүр болады
Маусым айында өңірдегі ақылы қызметтерді тұтыну бағаларының индексі 101,1 пайызды құрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық статистика департаментінің мәліметінше, шаштараз қызметтерінің бағасы 12,6 пайызға ұлғайды. Шипажайда демалу 7,1 пайызға, ал автокөлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу 1,1 пайызға қымбатқа түседі. Жұмыртқа бағасы 3,8 пайызға, тұз бағасы 2,7 пайызға өсті. Қанттың құны, керісінше 1,9 пайызға төмендеді.
Картоп, пияз және қызылша оннан астам пайызға қымбаттады.
Айта кетейік, тағамдық емес тауарлар тобы бойынша бензин мен фармацевтикалық өнім бағасының шамалы (бір пайыздан аз) өсуін тіркеді.