Павлодарлық мергендер Шымкентте нысананы көздеуден жүлделі оралды

Жарыс бірнеше күнге созылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
1-7 ақпан аралығында Шымкент қаласында нысананы көздеу бойынша ҚР-ның командалық чемпионаты өтті. Жарысқа сегіз командадан тұратын 130 спортшы қатысты.
Павлодар облысының жоғары спорттық шеберлік мектебінің спортшылары Руслан Загитов, Владислав Костенко және Артём Потрянко МВ-5 (шағын калибрлі және үлкен калибрлі мылтықпен үш позициядан ату) және ВП-6 (пневматикалық винтовкадан тұрып ату) жаттығуларында қола медаль жеңіп алды.
Алматы қаласының командасы жеңімпаз атанса, күміс медаль Шымкент қаласына бұйырды. Айта кетейік, бұл – мергендер үшін биылғы алғашқы жарыс. ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, спортшылар іріктеуден өткен соң Азия кубогы мен Әлем кубогы кезеңдерінде бақ сынайды.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі