Ақсу қаласында жылумен жабдықтаушы компания ауысты

Енді тұтынушылар «Теплосервис-Ақсу» КМК-мен жаңа шарт жасасуы қажет, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР «Жылу энергетикасы туралы» Заңының талаптарына сәйкес, 1 шілдеден бастап Ақсу қаласында жылу энергиясын тарату қызметін «Теплосервис-Ақсу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны атқаратын болды.
– Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 404-бабына сәйкес, осы күннен бастап «Қазхром» ТҰК» АҚ-пен жасалған барлық қолданыстағы жылумен жабдықтау шарттары мен міндеттемелер тоқтатылды, – деді Ақсу қаласының әкімдігінде.
Тұтынушылары «Теплосервис-Ақсу» КМК-мен жаңа шарт жасасуға бару қажет. Кәсіпорынның мекенжайы: Әуезов көшесі, 44. Анықтама телефоны: 6-04-07.
Сонымен қатар, мекеме өз тұтынушыларын teploaksu.kz сайтында жылу энергиясын өткізу қызметтеріне арналған үлгілік шарттың жарияланғаны туралы хабардар етеді.