Павлодар жағалауындағы балалар бассейніне онлайн жазылуға болады

Павлодар жағалауындағы балалар бассейніне онлайн жазылуға болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тұрғындардың ыңғайлылығы үшін «Бассейн PVL» Telegram-боты іске қосылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жаңа жүйе 1 маусымнан бастап жұмыс істейді және бассейнге баруды барынша қолайлы әрі жүйелі етуге арналған. Енді ата-аналарға кезек күтіп әуре болмау үшін Telegram-бот арқылы тіркеліп, өзіне ыңғайлы уақытты таңдауы жеткілікті.

Қала әкімдігінің мәліметінше, электронды жүйе арқылы жазылған келушілерге басымдық беріледі. Ал «тірі кезек» тек жазылған адамдар уақытында келмеген жағдайда ғана қарастырылады.

Қалай жазылуға болады:

  1. «Бассейн PVL» Telegram-ботына өтіңіз;
  2. қысқаша тіркеуден өтіңіз;
  3. нұсқауларды орындап, өзіңізге ыңғайлы уақытты таңдаңыз.

Онлайн-жазылу жүйесі адамдардың көп жиналуына жол бермей, күту уақытын қысқартуға және балалардың бассейнде қауіпсіз демалуын қамтамасыз етуге көмектеседі.