Павлодар қаласы мен ауылдық округтердің әкімдері тұрғындармен кездеседі

Павлодар қаласы мен ауылдық округтердің әкімдері тұрғындармен кездеседі
Фото: автор

Жұртшылықтың көкейінде жүрген мәселелер талқыланады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

2024 жылы 4 желтоқсан - 25 желтоқсан аралығында тұрғындармен кездесулер өтеді. 

– Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» жарлығына сәйкес облыс орталығының басшысы Хасар Хабылбеков пен Павлодар қаласының ауылдық округтері әкімдерінің халықпен кездесулері өтеді, – деп хабарлады қалалық әкімдікте. 

6 желтоқсан күні сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін  –  Павлодарское ауылының мәдениет үйі;

10 желтоқсан сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін – Кенжекөл ауылдық округі Долгое ауылының мәдениет үйі;

Сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін  –  Кенжекөл ауылдық округі Байдала ауылының мәдениет үйі;

11 желтоқсан сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін  –  Кенжекөл ауылының мәдениет үйі;

12 желтоқсан сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін  –  Жетекші ауылының Жетекші ЖОББМ;

18 желтоқсан сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін  –  Атамекен кентінің Жаяу Мұса атындағы мәдениет үйі;

15 желтоқсан сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін  –  Павлодар қаласы Қ.Әбусейітов атындағы МСО.