15 тамызда Павлодар облысында ыстық ауа райы сақталады
Өңірдің батысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Синоптиктердің болжамынша, облыста күндіз +26...+31, түнде +13...+18 градус ыстық болады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.
Павлодарда жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт шығады. Күндіз сынап бағанасы +15, түнде +15...+17 градус көрсетеді.