Павлодар қаласындағы жаңа «Келешек мектепке» оқушыларды қабылдау басталды

Құжаттар №21 мектеп ғимаратында қабылданады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, мектеп Достық шағынауданында, Ладожская көшесі, 15/1 мекенжайында орналасқан. 1-11-сыныптар аралығындағы білім қазақ тілінде беріледі. Құжаттарды қабылдау Камзин көшесі, 346 мекенжайында орналасқан №21 мектептің бірінші қабатындағы қабылдау бөлмесінде жүргізіледі.
Құжат тапсыру уақыты – дүйсенбі мен жұма аралығы, сағат 9:00–17:00.