Павлодарда бос орындар жәрмеңкесі өтеді
Жұмыс іздеп жүрген тұрғындар кеңес ала алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық мансап орталығының мәліметінше, 14 қараша күні сағат 11:00-де Ак. Бектұров көшесі, 115В мекенжайында өтетін бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне шақырады.
Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өз ұйымдарындағы бос орындарды ұсынады. Қатысушылар мамандардан кеңес алып, тікелей жұмыс берушілермен кездесе алады.