Павлодарда «Ertis Promenade» сахнасында «Күлтегін» мультфильмі көрсетіледі

Павлодарда «Ertis Promenade» сахнасында «Күлтегін» мультфильмі көрсетіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

11 маусым күні сағат 12.00-де жағалаудағы ашық аспан астындағы сахнада «Күлтегін» мультфильмі көрсетіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәліметінше, сондай-ақ дәл сол күні кешкі сағат 20.00-де қала тұрғындары мен қонақтары «Ertis Promenade» сахнасында «Ұлы дала таңы» кинофильмін тамашалай алады.

5-9 маусым күндері  сағат 11.00-де Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка- драма театрында «Маугли»  спектаклі /ертегі/ көрсетіледі.

7 маусым күні сағат 18.30-да Естай атындағы мәдениет сарайында Tyndamusic Симфониялық оркестр концерті.

 9 маусым күні сағат 19.00-де  А.Чехов атындағы облыстық драма театрында «Дом, где всё кувырком» спектаклі  және 10 маусым сағат 18.00-де «Будьте здоровы» 78 театр маусымының жабылуы /комедия/ өтеді. 

9 маусым күні сағат 20.00-де «Ertis Promenade» сахнасында «Otbasy Fest» концерттік бағдарламасы, 10 маусым күні сағат 20.00-де орталық жағалауда «Ratovich» ретро концерті ұсынылады.