Алкогольге баға өсімі бойынша Павлодар соңғы орында

Алкогольге баға өсімі бойынша Павлодар соңғы орында
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Еліміздің барлық өңірлерінде алкоголь өнімдерінің қымбаттағаны байқалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Отандық ликер-арақ зауыттары сыраға деген сұраныстың 90 пайыздан астамын, коньяктың 70 пайызын қамтып отыр. Finprom.kz сайтының мәліметінше, төрт айда елімізде 24 миллион литр арақ пен ликер-арақ өнімдері, 4,5 миллион литр коньяк, 9,5 миллион литр шарап және 204 миллион литр сыра сатылған.

Бағаға келсек, жыл басынан бері алкогольдік сусындар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен 10 пайызға қымбаттады. Ал азық-түлік бағасы сегіз пайызға өскен. 2020-2022 жылдары алкоголь бағасының өсу қарқыны азық-түлік инфляциясынан төмен болған еді.

Мониторинг агенттігінің дерегінше, алкогольге ең жоғары баға өсімі – 14 пайыздан астам – Батыс Қазақстан облысында тіркелген. Ең төменгі көрсеткіш Павлодар облысында байқалды – 2,3 пайыз ғана.

Аналитиктер заңсыз алкоголь саудасының да артқанын айтады. Жыл басынан бері 4,2 мың контрафакт жағдайы анықталған. Бұл 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығымен салыстырғанда төрттен біріне көп.