Павлодар облысында бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін
Өңірдің кей жерлерінде жел екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 29 тамызда Павлодар облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында қатты жаңбыр, ал батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі.
Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 метрге, кей уақытта 23-28 метрге дейін жетеді.
Түнде ауа температурасы +10...+15 градус, күндіз +17...+22 градус болады. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, бұршақ пен дауыл күтіледі.
Павлодар қаласында түнде күн бұлтты болып, жаңбыр жауады, найзағай ойнап, қатты жаңбыр күтіледі. Ауа температурасы +12...+14 градус болады. Солтүстіктен секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғып, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.
Күндіз облыс орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы +18...+20 градусқа дейін көтеріледі.