Павлодарда №153 автобус бағытына өзгерістер енгізіледі

Павлодарда №153  автобус  бағытына өзгерістер енгізіледі
fotobus.msk.ru/

Мұндай шешім ХҚКО жаңа филиалының ашылуына байланысты қабылданды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, Луговая көшесі, 16 мекенжайы бойынша ХҚКО көлікке қызмет көрсету бойынша филиалының ашылуына байланысты келушілерге ыңғайлы болу мақсатында ағымдағы жылдың 13 наурызынан бастап №153 шағын класты автобус маршрутының қозғалыс бағытына өзгерістер енгізіледі. 

  • Торайғыров көшесі бойымен шығыстан батысқа қарай қозғалыс кезінде Астана көшесіне солға бұрылады, одан әрі оңға бұрылып, Луговая көшесі, 16 мекенжайына дейін барады.
  • Кері бағытта Торайғыров көшесі арқылы артқа бұрыла отырып, Астана көшесіне шығады, әрі қарай тиісті бағыт бойынша жүреді.
  • Баян батыр көшесі бойымен солтүстіктен оңтүстікке қарай қозғалыс кезінде Айманов көшесіне оңға бұрылады, одан әрі Набережная көшесіне солға бұрылып, Луговая көшесі, 16 ғимаратына дейін барады. 
  • Одан кейін кері айналып, Айманов көшесіне оңға бұрылады,   Торайғыров көшесіне оңға бұрылған соң тиісті бағыт бойынша жүреді.