Павлодарда 20 жастағы жігіт жоғалып кетті

Павлодарда 20 жастағы жігіт жоғалып кетті
Фото: Константин Шелков

Махмудов Рауан Талғатұлы 12 наурызда Назарбаев даңғылындағы үйінен шығып кеткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Vita еріктілерінің мәліметінше, сол шыққаннан бері үйіне қайтып оралмаған. Қара күртке мен тізеден төмен көк шалбар, көк футболка, қара кроссовки киген.

 

Бойы - 185 см, көздері қоңыр, тілінің мүкісі бар,  оң жақ аяғын сылтып басады.

Оның қайда жүргенін көрген-білген немесе қандай да бір ақпарат білсе, +7 (747) 615 55 63 (Катерина) және +7 (777) 334 82 01 (Светлана) телефондары бойынша хабарласуды сұрайды.